Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері азаматтардың жоғалған телефондарып тауып берді

Астана қаласында қызмет атқарып жүрген ұландықтар азаматтардың алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда елімізде бүкіл әлем көз салған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Ауқымды іс-шара барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510, 5451 әскери бөлімнің өзінен 600-ден астам ұландық еліміздің бас қаласы Астанада тұрғындырдың тыныштығын күзетіп жүр.

Мәселен, 9 қыркүйек күні 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана қаласының көшелерінде қызмет атқару барысында үш телефонды тауып, иелеріне қайтарған болатын. Қырағылық үлгісінің ең алғашқысын сержант Ермахан Төребеков бастаған әскери жасақ жасады. Олар Байқоңыр көшесінің бойында жатқан телефонды көріп, оның иесін дереу іздеп тапқан болатын. Ал екіншісі мен үшіншісін сержант Бағжан Рзабек бастаған әскери жасақ атқарды.

Қазіргі таңда бір күнде бірнеше қырағылық үлгілерін танытып жүрген ұландықтар, тұрғындарға телефондарын тауып беріп қана қоймай, алғашқы медициналық көмектерді де көрсетіп жүр. Тұрғындардың алғысын арқалаған ұландықтар қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру