Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жедел кеңесте 8 айдағы жұмыс қорытындысын талқылады

СҚО полицейлері жедел кеңесте 8 айдағы жұмыс қорытындысын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн тәртібінде қылмыстың алдын алу және облыстағы көші-қон жағдайы мәселелері қаралды.

Пробациялық бақылауда тұрған адамдар жасайтын қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов аумақтық бөлімшелердің бастықтарына қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарды тексеруді жеке бақылауына алуды, қасақана бұзушылықтар болған жағдайда шартты жазаны нақты жазаға ауыстыру үшін заңда көзделген шараларды батыл қабылдауды тапсырды.

Тағы бір қаралған маңызды сұрақ халықтың көші-қоны жөніндегі жұмысқа жүргізілген талдау болды. ПД бастығы Қабдұлдинов атап өткендей, бұл солтүстік өңір үшін оның географиялық жағдайына байланысты ерекше маңызды мәселе.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев жыл басынан бері облыс аумағында Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 957 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баяндады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 50 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Солтүстік Қазақстан полициясының басшысы басшы құрамға шетелдіктерді тексеруді жеке бақылауына алуды тапсырды.

Кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов қол астындағыларды Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында қойған міндеттерді орындауға бағыттады.

– Жол-көлік оқиғалары мен тұрмыстық, нашақорлық және интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ полиция жұмысының басқа да қоғамдық маңызды бағыттары бүкіл ел үшін ғана емес біздің өңір үшін де өзекті. Оларды Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды белгілері ретінде бөліп көрсетті, – деді өңірдің бас полицейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру