Шығысқазақстандық студенттерге полицейлер жол қозғалысын бақылау бойынша дәріс өткізді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен практикалық сабақтар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тасымалдауды, қозғалысты және автокөлікті пайдалануды ұйымдастыру кафедрасының студенттері үшін автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін және оларға орнатылған реттеу құралдарын зерделеу бойынша дәріс өткізілді.
Полицейлер мен инженерлер сынақ құралдарының, жылжымалы зертхананың жұмыс тәртібін көрнекі түрде көрсетіп, жол белгілерін орнатуға қойылатын талаптар туралы айтты.
– Іс-шара студенттердің жол жүрісі қауіпсіздігі туралы білім деңгейін арттыру, автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін және оларға орнатылған реттеу құралдарын зерделеу және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен полиция департаменті арасындағы әрі қарай да жалғасатын жемісті ынтымақтастық үшін ұйымдастырылды, – деді ШҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары Игорь Клишин.
Оқытушы мен студенттер Жол активтері сапасының ұлттық орталығы инженерлері мен тәртіп сақшыларына қызықты және танымдық экскурсия үшін алғыс айтып, болашақта осындай акцияларға қатысатындарына сенім білдірді.