Алматы полициясы «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді
Алматыда 17-19 қыркүйек аралығында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс шарасы жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында осы жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартумен “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шара өтеді.
– Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Сонымен қатар іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болуына, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату деректерін сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересектерді анықтауға баса назар аударады.