Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ баспасөз қызметі үздік деп танылды

Елордада өткен “Astana Media Week” медиа-форумында отандық және шетелдік сарапшылар, медиаменеджерлер, журналистер мен тележүргізушілер индустрияның басты трендтерін талқылады.

Дәстүрлі іс-шара аясында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мемлекеттік органдардың үздік баспасөз қызметтерін марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат саласындағы ашықтығы мен кәсібилігі үшін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі “жыл үздігі” деп танылды. Полиция ведомствосының қызметкерлері мен ІІО аумақтық бөліністерінің баспасөз хатшыларынан құралған команданың еңбегі жоғары бағаланды.

ІІМ баспасөз қызметі Ішкі істер органдары мен қоғам арасындағы алтын көпір сынды. Оның негізгі міндеті азаматтарды полиция қызметі туралы хабардар етіп, жұртшылықтың өзекті сауалдарына жедел ден қойып, ашықтықты қамтамасыз ету, деп атап өтті министрлікте.

Ведомствоның коммуникациялық стратегиясы халықты жедел ақпараттандыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру