Қызылорда облысының бас полицейі қоғамдық қабылдау өткізді
“Аманат” партиясының азаматтарды қабылдау орталығында Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов қоғамдық қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылдауға келушілер кадр мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық істердің тергелуі бойынша сауалдарын қойды. Барлық азаматтың өтініштері мен арыздары мұқият тыңдалып, заң аясында шешу жолдары бойынша кеңестер берілді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының және оның орынбасарларының қабылдауында 130-дан аса азамат болды.
– Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы заң аясында объективті түрде қаралатын болады. Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындармен бірге бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау, – деп атап өтті ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.