Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция жеке кәсіпкерден 2850 қорап темекі тәркіледі

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Петропавл базарларының бірінде акциздік темекі өнімдерін заңсыз сату фактісі анықталды. Жеке кәсіпкердің бутигінен әртүрлі атауы бар 2850 қорап темекі тәркіленді.

Полиция қызметкерлері мемлекет тарапынан тексеруден өтпеген өнім халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.

Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін процестік шешім қабылдау үшін СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру