Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері сауда орталығынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Елорда полицейлері сауда орталығынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді ұстады.

Белгілі болғандай, жас жігіт дүкенге сатып алушы ретінде кірген. Ол ұнатқан спорттық костюмді киім ауыстыратын бөлмеге алып барып, ұрлыққа қарсы магнитті шешіп тастаған. Кейін ұрланған киімді күртесінің астына тығып, байқатпай дүкеннен шығып кеткен. Осылайша дүкенге материалдық шығын келтірілді.

Қылмыс камералар арқылы ашылды. Заң бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Ұсталған жасөспірім ата-анасының қолына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру