Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бөлімшелерінің жұмыс сапасы талқыланды

Алматыдв полицияның консультативтік-кеңесші органы полиция бөлімшелерінің жұмыс сапасын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД-да ККО-ның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде полицияның фронт-офистері мен қызмет көрсету орталықтарының жұмысы, полицияның кадрлық әлеуеті, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және жеке құрам арасындағы тәртіптің жай-күйі туралы өзекті мәселелер қаралды.

Жиын барысында Алматыда жаңа форматта қызмет көрсетуге бағытталған полицияның қызмет көрсету пункттері іске қосылғаны туралы жұртшылыққа хабарланды.

Жоба Мемлекет басшысының полиция жұмысының сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылуда, оның басты мақсаты – қоғаммен ашық диалог және түрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету.

Қазірдің өзінде қаланың жеті ауданында полицияның қызмет көрсету орталықтары ашылды, сегізінші орталық таяу уақытта Түрксіб ауданында ашылады.

Онда әкімшілік, көші-қон, ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, ішкі істер органдарына қызметке қабылдау мәселелері бойынша мамандардан кеңес алып, қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар қызмет көрсету орталықтарында медиатор, заң қызметін көрсету бойынша кеңесші және психолог қызметтері көрсетіледі.

Ашылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін ІІО мәселелеріне қатысты түрлі сұрақтар бойынша сервистік орталықтар 13098 азаматқа қызмет көрсетті, оларға кәсіби көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру