Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада  визажист пробация есебіндегі тұрғындарға мастер-класс өткізді

Қызылордада  визажист пробация есебіндегі тұрғындарға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында визажист Арайлым Серік қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жеті әйел қатысты. Тәжірибелі визажист Арайлым оларға бет әрлеудің түрлі техникаларын, декоративті косметиканы дұрыс таңдау жолдарын үйретті. Сонымен қоса бетке арналған жақпа майларды дұрыс қолдануға, макияж жасау кезінде жиі жіберілетін қателіктер жайлы кеңестер берді.

– Бүгін тәжірибелі маманнан көп нәрсе үйрендік. Макияжды әдемі жасау үшін өнерлі болу керек деп ойлаймын. Визажист – бүгінгі қоғамда ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Сондықтан осы визажистпен кездесуді асыға күттім. Бет әрлеудің әдіс -тәсілдерін үйреніп, сертификат алдым. Әрбір қыз баласы бетін әрлеп, боянып жүру керек деп есептеймін. Болашақта мен де кәсіби визажист болғым келеді, – деді есептегі әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру