Астанада полицейлер жалпы гарнизондық жиын өткізді
Елорданың бас полицейі Марат Төлебаев Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісетін Астана қаласы полиция департаменті кешенді күштерінің жалпы гарнизондық таралымын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД бастығы патрульге түсушілердің қызмет атқаруға дайындығы мен сыртқы бейнесін тексерді. Қызметкерлерге жедел жағдай жеткізіліп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала тұрғындарының жаппай жиналатын орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше назар аудара отырып, нұсқама берілді.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында елорда аумағында жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасына ерекше назар аударылды.
Астана қаласы ПД басшысы полиция қызметкерлеріне елорданың әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз сезінуі үшін азаматтарға көмек көрсету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ сыпайылық танытып, халыққа заңдарды қолжетімді түрде түсіндіру маңызды.