Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі дүркін параолимпиада чемпионы ұландықтармен жүздесті

Ауыр атлетика спортының майталманы, екі дүркін параолимпиада жеңімпазы Давид Дегтярев Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің сарбаздарымен жүздесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш кездесуге әскери бөлімнің 250-ге жуық сарбазы қатысып, атақты спортшыға өз сауалын жолдады.

Давид Дегтярев спортпен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Кездесу аясында атақты спортшы алға қойған мақсаттарға тек ерен еңбектің арқасында жетуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ әскери бөлім басшылығы қонаққа сарбаздардың казармалары мен асханаларын көрсетті.

– Бұл кездесу мен үшін ерекше. Себебі мен Отан алдындағы борышын өтеп, еліне адал қызмет атқаратын адамдарды жақсы көремін. Әскери қызметшілердің мақсаты — менікімен бірдей десем артық айтқандық емес. Себебі біз ел мүддесі үшін, көк байрағымызды биікке көтеру үшін қызмет етеміз, – деді чемпион.

Кездесу аясында спортшы жауынгерлермен елдік қасиет, отансүйгіштік, азаматтық парыз, жауынгерлік рух аясында жүрекжарды ойлармен бөлісіп, риясыз сырласты. Кездесу соңы спорт саңлағы мен ұландықтардың естелік суретке түсімен аяқталды.

Айта кетейік, Давид Дегтярев 2020 жылы Токио, 2024 жылы Парижде өткен параолимпиаданың жеңімпазы. Сондай-ақ “Барыс” орденінің иегері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру