«Есірткісіз болашақ»: Атырауда полицейлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті
Атырауда полицейлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қазан күні «Дамба» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларына «Жаңаталап» мәдениет үйінде ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кинологиялық қызмет орталығының кинологтары және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобы қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Бұл іс-шара жасөспірімдердің есірткіге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру, есірткіні қолданудың денсаулыққа қауіптілігін, оған қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Іс-шара барысында 100-ге жуық оқушыларға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар викторинаға қатысып, синтетикалық есірткіні қолданудың зияны бойынша ұтымды ойларын ортаға салды.
Белсенділік танытқан жас спортшыларға сөмке, термос секілді арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетсе, кинологиялық қызмет орталығының кинологтары Хан лақап атты төрт аяқты көмекшінің көмегімен есірткі заттарын анықтау жұмысын таныстырды.
Шара соңында «Дамба» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо, каратэ секілді спорт түрлерінің жаттығуларын көрсетіп, жиналған қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
– Дені сау ұлтты қалыптастыру – баршамыздың қоғам алдындағы міндетіміз – деді спорт мектебінің оқушылары.