Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 29 қазанында Атбасар ауданының аумағын патрульдеу кезінде ауылдардың бірінде патрульдік полиция взводының қызметкерлері Державинск қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруымен Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатты.

Жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзып, полицейлердің назарын аударды. Құжаттарды тексеру және жүргізушімен әңгімелесу кезінде полицейлер одан алкогольдік масаңдықтың сыртқы белгілерін көрді, сондай-ақ алкогольдің ерекше иісін сезді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал салдардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ер адамды көлік жүргізуден шеттетіп, медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама қорытындысы бойынша құқық бұзушының орташа дәрежелі мас күйінде екендігі анықталды.

Ер адам бір күн бұрын алкоголь ішкенін түсіндірді, кейінірек дүкенге көлікпен баруға шешім қабылдады.

2021 жылы жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуге, өз өміріне және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру