Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер “Браконьер” ЖПІШ барысында 200-ден астам заң бұзушылықты анықтады

Ақмолада полицейлер “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазан мен 19 қараша аралығында Ақмола облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және оларды жою.

Полиция қызметкерлері мүдделі уәкілетті органдармен бірлесіп, браконьерлік әрекеттерді анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде. Мәселен, тек 11 күннің ішінде мобильдік топтар табиғат қорғау заңнамасының 233 әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады. Олардың арасында 178 аң аулау ережесін бұзу, 30 балық аулау ережесін бұзу, 3 атыс қаруын заңсыз сақтау, сондай-ақ заңсыз кесу мен аң аулау фактілері бар. Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шара барысында бір тергеу сотқа дейінгі кезеңде басталды.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз аң аулау, орман кесу, су жануарларын өндіру, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы – браконьерлік ұғымына жататын табиғатты қорғау заңнамасын бұзу түрлеріне жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру