Ақтауда ұландық сарбаз жол-көлік апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болды.
Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріе шақырды.
– Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді, – дейді ұландық сержант.
Осылайша, ұландық жауынгердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырылды.