Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 150-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген
Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 150-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мопедтер, скутерлер, электросамокаттар жылдың жылы мезгілінде, әсіресе жастар арасында көп қолданылады. Дегенмен, жол қозғалысы ережелерін бәрі де толық біле бермегендіктен жолдардағы апатты жағдайлар мен қайғылы оқиғаға әкеледі. Жыл басынан бері Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 148 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 70 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 6 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 1587 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 429 электро-көлік құралдары арнаулы тұраққа қойылды.
– Мопедті басқару кезінде қырағы болу, жылдамдық режимінің, жол белгілері мен таңбалардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ шлемсіз жүруге жол берілмей, – деді Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.