СҚО-да полицейлер мен депутат дропперлерден шығынды талап ету мәселесін талқылады
СҚО-да полицейлер депутаты Евгений Кинцелмен кездесті. Жиын барысында жалдамалы алаяқтан шығынды талап ету жолдары және интернет-алаяқтықпен күресудің басқа да шаралары талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде жедел-уәкілдер мен тергеушілердің облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцелмен жұмыс кездесуі өтті. Жәбірленушілерге Қазақстан Республикасы Азаматтық-құқықтық кодексінің 953-бабын (Негізсіз баюды қайтару міндеті) түсіндіру мәселесі басты назарда болды.
Ол интернет-алаяқтар келтірген зиянды дропперден – алаяқтық арқылы алынған ақшаны банк картасы арқылы ала бастаған адамнан талап етуге мүмкіндік береді.
Кездесуде төрағалық еткен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымбеков атап өткендей, интернет-алаяқтық туралы барлық іс бойынша тергеушілер жәбірленушілерге осы баптың ережелерін түсіндіреді.
Осы тәжірбиені белсендi қолдану адамдарды сыйақы үшiн өзiнiң банк картасын күмәндi қаржы операциялары үшiн бөгде адамдарға беруге азғырылудан бас тартуға мәжбүрлеуі тиiс.
Бұдан бөлек депутат желілік алаяқтардың алдына кедергі келтіруі мүмкін заңнаманы және кейбір банктік рәсімдерді жетілдіру бойынша полицейлердің практикалық ұсыныстарын тыңдады.
Олардың ішінде алаяқтық құрбандарының шотындағы қаражатты қозғалысына тосқауыл қоюды жеңілдетеді. Евгений Кинцел полиция қызметкерлерінің осы және басқа да ұсыныстарын депутаттық қоғамдастықтың талқылауына шығаруға уәде берді.