Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті

Жамбыл облысында полицейлер қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында полицейлер облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде 6 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.

Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған.

Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді.Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тінту кезінде 5 келіден астам “гашиш” және 1 келіден астам “марихуана” тәркіленді.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру