Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ҚАЖД қызметкерлері студенттерге арнап ашық сабақ ұйымдастырды

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 29 мекемесінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттеріне арналған ашық сабақ өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара студенттерге қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен жақынырақ танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Ашық сабақ барысында құқық қолдану тәжірибесі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орындары мен тәжірибелік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен толықтыруға және болашақ мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Университеттен тыс жерлерде өткізілетін ашық сабақтар тәжірибеге бағытталған білім берудің маңызды бөлігі болып табылады. Олар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру