Атырауда “Назар аударыңыз – балалар!” акциясы аясында мектеп автобустары тексерілді
Атырауда “Назар аударыңыз – балалар!” акциясы аясында мектеп автобустары тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобы республикалық “Назар аударыңыз – балалар!” іс-шарасы аясында білім беру ұйымдарына қарасты көлік құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру, жол жүрісін бақылауды күшейту. Тексеру барысында жолда жүру ережелеріне сәйкес келмейтін көлік құралдары анықталып, кемшіліктерді жою мақсатында көлік иелеріне нұсқамалар жолданды.
Осы ретте, полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Құрметті жол жүрісіне қатысушылар, балалардың өмірі мен денсаулығы баршамыз үшін маңызды. Сондықтан, әрқашан жолда жүру ережелерін сақтап, балаларға арналған қауіпсіздік шараларына назар аударыңыз!