Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруда

Алматыда полиция студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында тәртіп сақшылары жастар арасында құқықтық білім беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бұл шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қазіргі таңда Алматыда 180 мыңнан астам студент бар, олар 36 жоғары оқу орны мен колледждерде білім алуда. Студенттік орта – кез келген қоғамның ең белсенді, жаңашыл және ұйымдасқан бөлігі. Осыны назарға алған тәртіп сақшылары жастарды заң талаптарын қатаң сақтауға, күмәнді ортаның ықпалынан сақтануға және құқық бұзушылықтардың салдары туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлуде.

– Біздің міндетіміз – студенттерге заң талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіру, заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақыру. Сонымен қатар, оларға сенім телефондары арқылы өз құқықтарын қорғау үшін көмек сұрауға болатынын жеткіземіз. Студенттер арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру да басты мақсаттардың бірі. Біз жастарды өз уақыты мен күш-жігерін білім алуға, шығармашылық және спорттық белсенділіктерін дамытуға арнауға шақырамыз, – деп атап өтті Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Бұл бастама жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне ықпал етуді көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру