Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 300 студент жасқа зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Түркістан облысында 300 студент жасқа зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуатовтың қатысуымен жастармен маңызды кездесу өтті. Елімізде соңғы уақытта жиілеп кеткен зорлық-зомбылық оқиғаларына байланысты ұйымдастырылған бұл шараның маңызы жоғары болып, оның маңыздылығы әкім орынбасары Рысдаулет Айтбаевтың баяндамасында толық баяндалды.

Осы жиынға 300 студент қатысты, олардың қатарында 40-тан астам психолог болды.

Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қоғам үшін маңызды әрі өзекті міндет болып табылады. Жиын барысында қатысушылар баяндамаларды тыңдап, ардагерлер мен әжелер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ психологтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Шара аясында ерекше әсер қалдыратын қойылым қойылып, жиынға қатысушылар бала тәрбиесінде мұғалімдермен қатар, ата-аналардың да рөлі зор екендігін ұғынды.

Өз кезегінде полицейлер құқықтардың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі басты міндет екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру