Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті
Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық әрекетке ұшырағанын айтып, полицияға шағымданды. Қыркүйек айында танысы сеніміне кіріп, CHEVROLET автокөлігін тиімді бағаға сатып беремін деп уәде еткен. Сенімге кірген күдікті көлікті иемденіп, артынша сатып жіберген. Көп ұзамай өз әрекетінің құрбаны болғанын түсінген азамат дереу Қызылорда қалалық полиция басқармасына жүгінді.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі 6 миллион 300 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдіктіні анықтап, қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.