Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да қаза тапқан қызметкерді еске алды
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әріптестері Ольга Василевскаяны еске алуға арналған волейбол турнирін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара Көкшетау қаласындағы №8 орта мектептің спорт залында ұйымдастырылды. Турнирге облыстық ҚАЖ департаменті мен қаланың ҚАЖД мекемелерінің құрама командалары, №14 мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Волейбол турнирінің ерекшелігі тек спорттық жарыс қана емес, Ольга Василевскаяның жарқын бейнесін еске алу болды.
– Біз сол жылдары мектепте оқымадық, бірақ Оля туралы көп естідік. Ол – тек үлгілі оқушы ғана емес, әділ, мейірімді, сенімді дос болған. Оның қайтыс болуы ар-ұжданмен келіспеуінің дәлелі ретінде есте қалды, – деп әсерімен бөлісті мектеп оқушылары.
Волейбол додасы жанкүйерлердің қолдауымен өтті. Жарыс нәтижесі бойынша үшінші орынды №14 мектептің оқушылары иеленсе, екінші орынға ҚАЖ департаменті мен №7 мекеменің құрама командасы тұрақтады. Жеңімпаз болып №14 мектеп мұғалімдерінің командасы танылды.
– Ақмола облысы ҚАЖ департаментіне, №6 мекеме басшысы Дархан Мұрзабековке, колония ұжымына шексіз ризашылығымды білдіремін. Олар менімен бөліскен қамқорлық пен қолдаудың маңызы зор. Баласынан айырылған ана үшін бұл ерекше қымбат, – деді Ольганың анасы Елена Штепенко.
Бұл күні Елена Штепенко халықаралық полиция қауымдастығының құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатты Ішкі істер министрлігінің ардагері Петр Губчук табыстады.
Осындай шаралар қаза тапқан қызметкерлердің есімін ұмытпай, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ольга Василевскаяның жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталады.