ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің құрылғанына 68 жыл толды
Қарағанды қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің құрылғанына 68 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әскери бөлім базасында өткен мерекелік шараға Ішкі әскерлер мен Ұлттық ұланның ардагерлері, өзара ықпалдастық жасайтын органдардың өкілдері қатысты. Мерекелік жиын барысында ардагерлер ұрпақтар арасындағы сабақтастық дәрежесін бағалай отырып, өздерінің естеліктерімен және қызмет тәжірибелерімен бөлісті.
– Тарихы тереңде жатқан әскери бөліміміз бүгін 68 жылдығын атап өтуде. Жеке құрамдағы жас буын, Отан қорғаушы сарбаздар және қоғамымыз бөлімнің даңқты тарихын, жауынгерлік дәстүрлерін білуі тиіс. “Орталық» өңірлік қолбасшылығында орналасқан біздің әскери бөлім өз қызметін Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарында жүзеге асырады. Бізге жүктелген міндеттерді табысты орындау және жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелер көрсету — басты жетістігіміз деп білемін, – деді әскери бөлім командирі Мақсат Қырғызбаев.
Салтанатты шара аясында бірқатар әскери қызметші жоғары кәсібилігі мен үлгілі қызметі үшін марапатталды. Сондай-ақ осы бөлімде көп жылдар бойы еңбек еткен әскери қызметшілерге құрмет грамоталары табыс етілді. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.