Алматыда контрафактілік пиротехниканың 140-тан астам қорабы тәркіленді
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 140-тан астам қорабы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы 2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында өткізіліп жатқан «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды.
– Іс-шара басталғаннан бері полиция бөлімшелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы «Тауарлардың немесе басқа заттардың заңсыз айналымы» бойынша 17 құқық бұзушылық дерегін анықтады. Заңсыз айналымнан 140-тан астам қорап пиротехникалық тауарлар тәркіленді. Тауарларды онлайн сату жүзеге асырылатын сауда нысандары, базарлар мен интернет-ресурстар тұрақты бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы
Естеріңізге сала кетейік, «Пиротехника» іс-шарасының мақсаты – жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды адамдардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар пайдаланатын бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын қадағалау.