«Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының бейнеролигі халықтың сүйіспеншілігіне бөленді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының бейнеролигі халықтың сүйіспеншілігіне бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне қарасты «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының бейнеролигі көпшіліктің таңданысын тудырып, желі қолданушыларының көптеген оң пікірлерін алды.
Бейнероликте клуб мүшелері жоғары дайындық деңгейін, қозғалыс үйлесімділігі және саптық техниканы меңгеру шеберлігін көрсете отырып, қару-жарақ пен саптық дефиле істейді. Бұл үзінді көрермендердің назарын аудартып, ыстық ықыласына бөленді.
– Бұл көрсетілім ұзақ жаттығулардың және тәртіптің нәтижесі. Біздің балалар қару-жарақты меңгеру дағдыларын ғана емес, сонымен қатар дайындықтың, үйлесімділіктің және командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Біз әскери-патриоттық тәрбие жай ғана сөз емес, жас ұрпақтың қалыптасуының нағыз тетігі екенін дәлелдейтін тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз. Клубымызды қолдап, жетістіктерімізді бақылап отырғандардың барлығына алғыса йтамын, – деді ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ардагері, «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Берік Мунтинов.
2003 жылдан бастап Ұлттық ұланда «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысы жұмыс істейді. Бұл қозғалыстан кейін әскери бөлімдер жанынан әскери қызметшілердің балаларына арналған алғашқы әскери-спорттық клубтар құрылды. Алғашында олар алтау ғана болды.
Жыл сайын қатысушы жастардың саны артып, орта білім беретін мекемелерде әскери-патриоттық сыныптар құрылды.
Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның әскери бөлімдері 60 мектеп пен 3 колледжде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жалпы алғанда, 109 «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныптарымен балабақшада бір топ жұмыс істейді. Сондай-ақ әскери бөлімдер жанынан 33 «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының жұмысы ұйымдастырылды. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 2500-ден астам тәрбиеленушісі бар. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 62 Меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, жыл сайын Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» командасы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының қатарына джиу-джитсудан әлем чемпионы 6 жасар Хадия Қонаева қабылданған болатын.