Ішкі істер министрлігі студенттерге рекрутинг өткізді
Ішкі істер министрлігінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Биотехнология және микробиология» кафедрасының студенттерімен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Студенттер полиция қызметімен танысты. Оларға молекулярлық-генетикалық зерттеулер процесі және зертхананың заманауи құрал-жабдығы көрсетілді. Сондай-ақ ДНҚ-технологияларын қылмыстарды ашуда пайдалану мысалдары түсіндірілді.
Одан басқа студенттерге ІІМ криминалистикалық оқ-гильза қоймасының, жедел басқару орталығының жұмысы көрсетілді.
Сонымен қатар жастарға ведомство мұражайында экскурсия жүргізілді, олар ішкі істер органдарының қалыптасу және даму кезеңдерінің тарихымен танысты.
Іс-шара соңында қонақтар Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовпен кездесті. Өз сөзінде ол жастарды елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңдарды сақтау мәселесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында министрдің орынбасары әр студентке ішкі істер органдарына қызметке шақыру қағазын табыстады.