Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “SOS” батырмасы мен «102» қосымшасы арқылы қауіпсіздік күшейтілді

Қызылордада «102» мобильді қосымшасы мен 15 “SOS” дабыл батырмасы жұмыс істеп тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа жедел әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған «102» арнасы мен «102» мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар халық көп жиналатын орындарға “SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. Құрылғылар заманауи техникамен жабдықталған.

“SOS” батырмасын басу арқылы тәулік бойы ЖБО-ға бейнеқоңырау жіберуге болады. Бұл құрылғылар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және кезекші бөлім қызметкеріне жағдайды бірден бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғылар жерден бір метр биіктікте орналасқан, сондықтан оларды тіпті балалар да қолдана алады.

Орнатылған орындар:

• Желтоқсан көшесіндегі Орталық алаң,

• Жахаев пен Әбілхайыр хан көшелерінің қиылысындағы «Студенттер сарайы»,

• Абай даңғылы бойындағы «Универсам» сауда үйі,

• Мұратбаев пен Бұқарбай батыр көшелерінің қиылысы,

• Қорқыт ата мен Өсербаев көшелері,

• «Жастар орталығы»,

• «Теміржол вокзалы»,

• «Арай Сити Молл» ойын-сауық сауда орталығы,

• Журба көшесіндегі «Сырдария» сауда үйі,

• Тасбөгет кентіндегі Орталық алаң,

• Толыбеков көшесіндегі «Тағзым алаңы»,

• Қорқыт ата мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы «Жаңа базар»,

• Хон Бен До көшесіндегі «Океан» және «Рүстем» сауда орталықтары,

• Қорқыт ата көшесі №55 үйдің аумағы.

Өткен жылы “SOS” батырмасы арқылы 17 хабарлама келіп түсіп, оның біреуі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал 4 жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«102» мобильді қосымшасын қолданушылар ЖБО-ға түрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік алады. Мысалы, жол-көлік оқиғалары, жол ережесін бұзу, балаларға қатысты оқиғалар немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлауға болады.

2024 жылы мобильді қосымша арқылы 35 хабарлама қабылданды, оның ішінде 8-і бейнеқоңырау, 27-сі мәтіндік хабарлама ретінде тіркелді.

Өзіңіздің немесе өзгелердің өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе күдікті адамды байқасаңыз, дереу полицияға хабар беріңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру