Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасы тәркіленді

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол  таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны – 2416.

Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, «Трамадолды» сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру