Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ 2024 жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады

2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жүрген 1949 күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың ішінде:

  • адам өлтіру бойынша – 43;
  • қарақшылық шабуыл бойынша – 22;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;
  • зорлау бойынша – 6;
  • тонау бойынша – 68;
  • бопсалау бойынша – 21;
  • ұрлық бойынша – 484;
  • есірткі қылмысы бойынша – 91.

ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталды.

Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды.

— Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деп атап өтті ведомствода.

Қаңтар айының басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол өткен жылдың қараша айында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атқан.

Семейде полиция 35 жастағы ер адамды құрықтады. Ол 2023 жылы топпен бірге Алматыда қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан. Жедел қызметкерлер барлық күдіктіні ұстады. Олар 42 ұрлық эпизодына қатысы бар айыпталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру