Павлодарда есірткіге масайған жүргізуші ұсталды
Павлодарда есірткіге масайған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қолдану адам санасына әсер етіп, уақыт пен қашықтықты қабылдауды бұрмалайды, көлік жүргізу кезінде концентрация мен бақылауды төмендетеді. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғалардың туындауына әкелуі мүмкін.
Павлодар қаласы Дөнентаев көшесінде, полиция қызметкерлері Lada маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің күмәнді күйде екені анық байқалды. Мамандардың тексеруі нәтижесінде жүргізушінің есірткіге масайғаны расталды. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылып, өзі сот алдында жауап береді.
- Мас жүргізуші – қозғалыс қатысушылары үшін үлкен қауіп. Оның дөңгелегінің астында сіздің жақындарыңыз, туыстарыңыз немесе таныстарыңыз болуы мүмкін. Сондықтан қырағылық пен жауапкершілік – адам өмірін сақтаудың негізгі кепілі, – деп еске салады тәртіп сақшылары.
Полиция азаматтарға белсенділік танытуға шақырады. Егер сіз заң бұзушылыққа куә болсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалып, "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасына хабарлама жіберу арқылы хабарлай аласыз.
Бұл принцип ішкі істер органдарының басты мақсаты болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде заң алдында жауап береді.