Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да үздік тергеушілер мен анықтаушылар марапатталды

Көліктегі ПД-да үздік тергеушілер мен анықтаушылар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінде 2024 жылы жоғары жұмыс нәтижелеріне қол жеткізген тергеу және анықтау бөліністерінің қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Аталған конкурстың мақсаты – жедел-қызметтік жұмысты жетілдіру, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ашу және тергеу бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша көліктегі ПД мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлерін ынталандыру.

– Көлік полицейлерінің жұмысы негізінен авиациялық және теміржол оқиғаларын тергеумен байланысты. Олар ұшақ апаты орын алған шалғайдағы далалар мен таулы аймақтарда бірнеше рет болған. Тіпті, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күні-түні оқиға орнынан іздер мен ұсақ дәйектерді бір-бірлеп жинап, шаршауды ұмытып, қажымастан еңбек етеді, - деді департамент бастығы Айдос Рысбаев.

Оның айтуынша, бұл байқауға 86 тергеуші мен 57 анықтаушы қатысқан. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар анықталды. А. Рысбаев жеңімпаздарға грамоталар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етіп, полицейлерге адал еңбектері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар олардың алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.

Департаменттің “2024 жылдың үздік тергеушілері” деп Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің тергеушілері Ислямбек Байтұрсынов пен Рамазан Төлеу танылды.

“2024 жылдың үздік анықтаушылары” атағы Ақтөбе станциясындағы ЖПб-нің анықтаушысы Данияр Күзембаевқа және Астана қаласы әуежайындағы ЖПб-нің анықтаушысы Айжан Советхановаға берілді. Сонымен қатар Ақтөбе станциясындағы ЖПб тергеушісі Еркін Комытов пен Шымкент станциясындағы ЖПб тергеушісі Дінмұхамед Темірбектің ата-аналарына алғыс жарияланды.

– Мұндай марапаттар жас мамандарды одан әрі қызметке ынталандырып, жақсы мотивация береді. Сондай-ақ басшылық тарапынан көрсетілген мұндай қолдаулар бізді лайықты нәтижелер көрсетуге міндеттейді, - дейді Айжан Советханова.

Бүгінгі таңда үздіктердің үздігі нағыз полиция офицерлеріне лайық болып, Отанымыздың кемел келешегі жолында қызметтік борышын адал атқаратыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру