Абай облысында ЖҚАЖ қызметкерлеріне психологиялық тренинг ұйымдастырылды
Абай облысында ЖҚАЖ қызметкерлеріне психологиялық тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаменті тәрбие және кадрлық жұмыс басқармасының арнайы бастамасымен және ЖҚАЖ инспектор-психологы Айжан Суюндыкованың ұйымдастыруымен осы жылғы 27 қаңтарда “Бөлім қызметкерлерінің эмоционалдық күйзелісінің алдын алу” тақырыбында арнайы тренинг өтті. Психологиялық шараға “Alikhan Bokeikhan University” педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Шолпан Орынгалиева мен аға оқытушы Аида Мауэнова қатысты.
Қазіргі заманғы қоғамда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің моральдық және психологиялық жай-күйі олардың кәсіби қызметінің тиімділігі үшін маңызды фактор болып табылады. Тәрбие және кадрлық жұмыс басқармасы осы бағытта ерекше рөл атқарады, себебі ол жеке құрам қызметкерлерінің моральдық-психологиялық жағдайын тұрақты түрде бақылап, олардың кәсіби қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.
Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметтік әрекеттері жоғары физикалық төзімділікті, психологиялық тұрақтылықты талап етеді. Осыған орай, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері арасындағы тренинг психологиялық жаттығулар форматында жүргізілді, оның барысында жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін проективті әдістеме мен эмоционалдық релаксация қолданылды, сондай-ақ ұжымдағы байланысты нығайту және психологиялық климатты жақсарту мақсатында ойындар ұйымдастырылды. Арнайы мақсаттағы бөлімшенің қызметкері үшін қиын жағдайларда қолайлы психикалық жағдайды сақтау қабілеті кәсіби жарамдылықтың және психологиялық дайындықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Тренинг барысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жұмыс атмосферасын қысқа уақытқа психологиялық релаксация процесіне ауыстырды.
Шара соңында Абай облысы полиция департаменті тәрбие және кадрлық жұмыс басқармасының орынбасары Асхат Слямов белсенді қатысқан ЖҚАЖ қызметкерлеріне алғыс білдірді.