ІІМ: Полиция тәулік ішінде үш есірткі зертханасын жойды
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Күдіктілер ұсталды - екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.