Заң мен тәртіп мектеп қабырғасынан: полицейлер жол қауіпсіздігі туралы лекция өткізді
"Тәртіпті өзіңнен баста!" акциясы аясында полиция қызметкерлері Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізіп, жол жүрісі қағидаларын түсіндіріп, жолда мұқият болу қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылы республика бойынша балалардың қатысуымен 8,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 мыңнан астам бала жарақат алып, 328 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Интерактивті сабақтар барысында полицейлер балаларға жолдан қалай дұрыс өту керектігін, қандай жол белгілері мен реттеу сигналдары бар екенін, сондай-ақ төтенше жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін үйретті.
Іс-шараны өткізуге полиция қызметкерлерімен бірге қозғалыстың жас инспекторлары қатысты. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 мыңнан астам қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары жұмыс істейді. Олардың құрамында 50 мыңдай оқушы бар. Олар өз қатарластары арасында жол қауіпсіздігі туралы білімді шыңдауға көмектеседі.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың адам өмірін қауіптен қорғайтыны айтылды. Өмірден алынған нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәртіп сақшылары ашық диалог форматында жауап берді.
Мұндай іс-шаралар балаларға жол қозғалысы туралы мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.