Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы сауда үйлерінде полицейлер алаяқтар туралы ескертіп жатыр

Алматыдағы сауда үйлерінде полицейдер алаяқтар туралы ескертіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Бостандық ауданында орналасқан екі ірі сауда орталығының әкімшілігі алдын алу жұмыстарына бірінші болып қосылды. Олармен жұмыс кездесуі өтіп, тиісті меморандумға қол қойылды.

— Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды: күн сайын жаңа формалар мен әдістерге ие болады. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық көбейді. Мұны, ең алдымен, азаматтардың, тіпті, мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінде де байланысты шектеп тастауымен байланыстырамыз. Оны онлайн жасау ыңғайлырақ. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қауіпсіз емес. Өкінішке қарай, адамдардың көбі өздерінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы білмейді және нәтижесінде олар оны сақтамайды. Құқық қорғау органдары зияткерлік меншік құқығының бұзылуына байланысты қылмыстардың алдын алу және күресті күшейту бағытында жұмыс жүргізуде, — деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Сауда орталықтарында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша постерлер ілініп, электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертетін бейнеөнімдер көрсетілуде.

— Хабардарсың, демек қарулысың. Бұл нұсқаулықтарда алаяқтардың ең танымал қылмыстық тізбектері егжей-тегжейлі сипатталған және оңай ақшаны ұнататындардың құрығына түсіп қалмау туралы кеңестер берілген. Мақсат — қоғамды қылмыскерлерден қорғап, қылмыстық әрекеттің бұл түріне жол бермеу, — деді Сейсенұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру