СҚО-да екі апта ішінде 171 мопед тіркелді
СҚО-да екі апта ішінде 171 мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтардан бастап 11 ақпанды қоса алғанда Солтүстік Қазақстан облысында мопедтер мен скутерлерді тіркеуге қою үшін 174 өтінім келіп түскен, оның 171-і қаралды. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынады — полиция қызметкерлері қос дөңгелекті көлік иелерін бұл мәселені шешуді кейінге қалдырмауға шақырады.
https://youtube.com/shorts/mOis9ps1O10
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полицейлер мопедтер мен скутерлерді ресми тіркеу сұрақтары бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына, ХҚКО-ға немесе тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болатынын еске салды. Полиция жұмысы сервистік үлгіге және қызметтердің қолжетімділігі қағидатына негізделеді, әрбір жағдай жеке қаралады.
Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО-нда және аудандық полиция бөлімдерінде қызметкерлер нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін көлік құралдарын тексереді. Шалғайдағы ауылдар мен елді-мекендерде мопедтер мен скутерлерді тексеру бойынша көшпелі рейдтер қарастырылған.