Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізуші анықталды

Петропавлда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік жүргізу құқығынан бір жылға айыру – сот шешіміне сәйкес Lada 21214 автокөлігін басқарған 30 жастағы Петропавл тұрғыны осындай жауапкершілікке тартылды. Ол жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланған. Полицейлер бұл фактіні заманауи технологиялардың арқасында анықтап, тез арада жолын кесті.

Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін бейнежүйелер Петропавл көшелерінде тіркеуден шығарылған мемлекеттік нөмірді анықтады. Процессингтік орталықтың қызметкерлері бұл туралы полицияның барлық мүдделі қызметтеріне хабарлады.

Бейнебақылау инспекторлары және қол астында "Мегакам.Қорғау" бағдарламасы бар патрульдік инспекторлар іздеуде жүрген автокөліктің жүрген жерін қысқа уақыт ішінде анықтады. Көп ұзамай ол Жамбыл көшесінде тоқтатылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Петропавлда қосымша интеллектуалдық бейнежүйелер орнатылғаннан бері (бүгінде облыс орталығында 50-ге жуық) жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың 5 фактісі анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру