Қызылордада полицейлер демалыс күндері күшейтілген тәртіпте рейд жүргізді
Қызылордада полицейлер демалыс күндері күшейтілген тәртіпте рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері тәртіп сақшылары күшейтілген режимде рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 638 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша – 433 дерек,
- 41 автокөлік айып тұрағына қойылды;
- 8 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған;
- 33 адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған;
- 5 жағдайда басқару құқығы жоқ адамдар көлік жүргізген.
- Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты – 205 әкімшілік құқық бұзушылық,
- Белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқан бір дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша шара қолданылды;
- Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта көшеде жүруіне жол бергені үшін 23 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара қолданылды;
- Қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, бар) темекі шеккені үшін 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша хаттама толтырылды;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген бір дерек тіркелді.
Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.