Шымкентте полицияның гарнизондық таратуы өтті
Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жүргізушілері арасында тәртіпті арттыру, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын күшейту мақсатында полицейлер мегаполис аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы орайда қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов жеке құрамның гарнизондық таратуын өткізді. Мылтықов қызметкерлердің назарын заңдылықтың қатаң сақталуына аударды, қызметке түсетін тәртіп сақшыларының дайындығын тексерді.
Полицейлер мегаполис жолдарын тәулік бойы патрульдейді. Мұндағы басты міндет - қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды болдырмау.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Полиция жолда мұқият болуға және қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.