Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Камера, тәртіп, сенім: полиция аудандағы құқықтық тәртіпті қалай күшейтіп жатыр

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімі бастығының бөлімнің жұмысы туралы есебін қабылдап, полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты ауыл тұрғындарының пікірін тыңдап, сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Булаево қаласындағы мәдениет үйінде есеп беру кездесуіне тұрғындар жиналды, оған аудан әкімі Рахат Смағұлов та қатысты.

ПД бастығы әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде, мопедтерді тіркеуге қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы айтты. Аудан полицейлері 18 қаңтардан бастап 22 мопедті тексеріп, оның жиырмасын тіркеді.

Видео • YouTube

Ал аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов қылмыстың төмендегені туралы баяндады: адам өлтіру саны - 50%, ауыр дене жарақаттарын келтіру – 75%, мал ұрлығы – 66,7%, интернет-алаяқтық 14,3%-ға азайды.

Қауіпсіздікті күшейту үшін бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде. Қазір ауданда 94 көше камерасы жұмыс істейді, оның 78–і Булаево қаласында. Аудан орталығының төрт мектебінде 85 камера орнатылған. 18 ауылдық округтің әрқайсысында жаңа алты камерадан орнату жоспарда бар.

Видео • YouTube

Тұрғындар полицияның жұмысына оң бағасын берді. Кездесу азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаумен аяқталды, онда Айдын Қабдұлдинов ауыл тұрғындарын учаскелік инспекторларға көмектесуге және "Заң мен тәртіп" қағидатын ұстануға шақырды.

Видео • YouTube

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру