Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жеке құрам қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері соңғы тәуліктерде қарға батып жүре алмай қалған, жол шетіне шығып кеткен көліктерге көмектесті.

Мәселен, облыстық батальон қызметкерлері патрульдеу кезінде республикалық маңызы бар Батыс Қытай - Батыс Еуропа тасжолының 2-шақырымында Түркістан бағыты бойынша келе жатып, жол жиегіне шығып, сайға түсіп кеткен Daewoo Gentra көлігін байқаған.

Полицейлер жолда бірнеше сағат тұрып қалған жүргізушіге көмектесіп, көлігін трассаға шығаруға жәрдем берді. Одан бөлек Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 617-шақырымында жол бойында тоқтап тұрған Қырғызстан Республикасының жүк көлігін көріп, мән-жайды білді.

Анықталғандай, жүк көлігі бұзылып қалған. Бұл жайтта да тәртіп сақшылары бірден жәрдем етті. Полицейлердің қамқорлығына, жанашырлығына риза болған шетелдік жүргізуші шынайы алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру