Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көпбалалы полицейлер өз тәжірибелерімен бөлісті

Қарағанды облысында көпбалалы полицейлер өз тәжірибелерімен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының полициясында еңбек ететін көпбалалы аналар қызметтік борыштары мен отбасылық міндеттерін үйлестіре отырып, қоғамның қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олар тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар балаларына қамқор, мейірімді ана бола біледі.

Анеля Аманкелдиева – бес баланың анасы. 2007 жылдан бері ішкі істер органдарында тергеуші қызметін атқарып келеді. Өз ісіне адалдығымен және жоғары кәсіби біліктілігімен танылған Анеля әріптестері арасында зор құрметке ие.

Әсел Спатаева — 2017 жылдан бастап кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында қызмет етеді. Көпбалалы әрі жалғызбасты ана ретінде ол балаларға ерекше қамқорлық танытып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда аянбай еңбек етуде.

Ішкі істер органдарында еңбек етіп жүрген көпбалалы аналар – жас ұрпақ үшін үлгі. Олар аналық мейірімі мен қызметтік жауапкершілікті үйлестіре отырып, ерлік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерін әрдайым қолдап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру