Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктердің жұмысын тоқтатты

ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктердің жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Рейдтік шаралар барысында ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы тұрғын үй кешенінің құрылысында заңсыз жұмыс істеген көрші елдің 9 азаматын анықтады.

- Тексеру барысында шетелдік азаматтардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметімен айналысқаны белгілі болды. Аталған құқық бұзушылық үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деп мәлімдеді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Шкибаев Ринат.

Сонымен қатар заңды тұлға шетелдік жұмысшылардың ел аумағында болуы туралы полиция органдарына уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

- Соттың шешімімен заң бұзушылар елден шығарылады. Еске саламыз, уақытша келген шетелдіктердің уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметімен айналысуына тыйым салынады, – деп атап өтті Ринат Шкибаев.

Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда және Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды белгіленген талаптарды қатаң сақтау керектігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру