Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция буллингпен күресті күшейтті

Жетісу облысында полиция буллингпен күресті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері брифинг өткізіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды жәбірлеуге қатысты 127-2-баптың енгізілуі. Бұл жаңашылдық балаларды психологиялық қысым мен қудалаудан қорғауға, сондай-ақ оларды шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де қорғау шараларын күшейтуге бағытталған.

Жетісу облысындағы білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстар аясында оқушылар мен олардың ата-аналарына 300-ден астам дәріс пен кездесу өткізілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – буллингтің қауіптілігі, оның салдары және жәбірленушілерді қорғау жолдары туралы ақпарат беру.

Жағдайды талдау үшін мектеп оқушылары арасында 124 жасырын сауалнама жүргізіліп, оған 8084 оқушы қатысты. Алынған мәліметтер мәселенің ауқымын бағалауға және ең осал топтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар білім беру органдарымен бірлесіп, буллингтің алдын алу мақсатында 163 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 966 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл мәселенің өзектілігін көрсетіп, оны шешу үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттігін айғақтайды.

Қабылданған бастамалар буллингпен күресте кешенді тәсілдің маңыздылығын көрсетеді. Полиция қызметкелері заңнаманы жетілдіру және алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмысты жалғастыруда. Мақсат – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін білім беру мекемелерінде ғана емес, одан тыс жерлерде де қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру