Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында Сәкен Әшімов атындағы "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Ұлытау облысында Сәкен Әшімов атындағы "Жас сақшы" сыныбы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаарқа ауданындағы Оразалы Жұмабеков атындағы мектепте "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Бұл сыныпқа 2010 жылы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция капитаны Сәкен Әшімовтің есімі берілді. 

Сәкен Әшімовтің есімі халықтың жүрегінде мәңгілікке сақталып, жастарға патриоттық тәрбие беруде үлгі болып отыр. "Жас сақшы" сыныбының ашылуы арқылы жас ұрпаққа заңға деген сыйластық, еріктілік және қоғамдық құндылықтарды насихаттау мақсаты қойылды.

Сыныпта заманауи оқу материалдары, интерактивті әдістер мен практикалық дағдыларды үйретуге арналған арнайы бағдарламалар қолданылады. Бұл бастама арқылы жасөспірімдер заңдылықтың маңыздылығын түсініп, болашақта қоғамның белсенді және жауапкершілік иесі болуға дайындалады.

Салтанатты шараға аудан басшылығы, білім беру саласының мамандары, Сәкен Әшімовтың анасы мен жары, мектеп оқушылары қатысты. 

"Жас сақшы" сыныбының ашылуы Сәкен Әшімовтың есімін мәңгі есте сақтауға және жастардың заңға деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру