Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда үйінде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Алматыда үйінде есірткі сатқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, үйінен тікелей заңсыз заттарды таратып жүрген 49 жастағы ер адамды ұстады.

- Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекен-жайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған. Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру