Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі аймақтық кеңес құрылды

Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі аймақтық кеңес құрылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. Кеңес құрамына полиция қызметкерлері, журналистер, танымал спортшылар, қоғам өкілдері мен блогерлер енді.

Кеңестің басты мақсаты – халықты есірткіге қарсы күреске жұмылдыру, алдын алу шараларын жетілдіру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Кеңестің төрағасы ретінде ПД бастығының бірінші орынбасары М. Қанапияев тағайындалды. Сондай-ақ оның орынбасарлары ретінде ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы А. Жұмабеков пен Халықаралық Тараз университетінің ректоры М. Сарыбеков бекітілді.

Кеңес мүшелері бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады және алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру